"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Экологическое образование и воспитание».

22.02.2023

2023 жылғы 20 ақпанда білім алушыларға экологиялық тәрбие беру бойынша «экологиялық білім беру және тәрбиелеу» үздік әдістемелік әзірлемелердің аудандық сырттай конкурсының қорытындысы шығарылды.

         Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:

         Мақсаты: экология, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында білім алушылармен оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыратын дарынды педагогтардың тәжірибесін қолдау және насихаттау, экологиялық тәрбие барысында оқу-білім беру процесінде қолдану үшін әдістемелік әзірлемелер банкін құру.

         Тапсырмалар:

         - экологиялық бағыт бойынша білім алушылармен сабақтық және сабақтан тыс қызметтің дәстүрлі әдістемелік жүйелерін жетілдіру және инновациялық әдістемелік жүйелерін енгізу бойынша педагогтердің жұмысын жандандыру;

         - сыныптан тыс іс-шараларды өткізудің маңызды тәжірибесін жинақтау және тарату;

         - педагогтерді оқу және сыныптан тыс жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға және педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға ынталандыру.

         Конкурстын аудандық кезеңіне Есіл ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 8 педагогы және қосымша білім берудің 1 педагогы қатысты.

         Конкурс қорытындысы:

         1 орын иегерлері –Холод Наталья Александровна «Московское ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ химия және биология мұғалімі; Андреева Марина Александровна «Есіл қаласының Сайлау Серіков атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ химия және биология мұғалімі;

         2 орын иегерлері -Зеленко Наталья Сергеевна «Ковыльное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ биология пәнінің мұғалімі; Сапарова Екатерина Салаватовна «Заречное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ биология мұғалімі;

         3 орын иегері  - Мирошник Наталья Николаевна «Знаменка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ биология пәнінің мұғалімі.

Просмотров: 556


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст