Текст
2023 жылғы 5-7 сәуірде Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, бастапқы әскери және технологиялық даярлық орталығы Зеренді ауданы Чаглинка ауылының агротехникалық колледжінің базасында Ақмола облысы мектептерінің оқушылары арасында Жас тарихшылар мен өлкетанушылардың зерттеу жұмыстарының облыстық конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты: қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы бойынша білімдерін тереңдету.
Облыстық конкурстың « Әскери тарих. Іздеу» қорытындысы бойынша «Есіл қаласының Сайлау Серіков атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 8 сынып оқушысы Шулик Раиса 1 орынға ие болды. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Ловская Наталья Константиновна.