2023 жылы 7 қарашада білім бөлімінің базасында «Қазіргі педагогтың үздіксіз жалпы кәсіби дамуы үшін жағдай жасау, оның шығармашылық әлеуетін байыту, кәсіби маңызды жеке қасиеттерін жетілдіру, білім берудің, тәрбиенің, баланың жеке басын дамытудың оңтайлы деңгейіне қол жеткізу» тақырыбында әдістемелік кеңес өтті.
Әдістемелік кеңестің міндеттері:
Әдістемелік кеңестің қатысушылары «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинеті» КММ әдіскерлері, директорлардың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары болып табылады.
Әдістемелік кеңесте келесі мәселелер қамтылды:
-Пән бойынша 1 тоқсандағы білім сапасын талдау;
-«Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту». -«Сабақтастыққа дайындық бойынша ұсыныстар»;
-«Педагог кадрларды оқыту және дамыту, олардың біліктілігін арттыру» Жаңа формат бойынша аттестаттау;
-«Олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындық»;
-«ПИЗА,Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне дайындық»
-«Мектептегі тамақтану, мектеп асханаларын ұстау».
Әдістемелік кеңес диалог алаңы түрінде өтті, Оқу-тәрбие процесін жақсарту үшін әдістемелік ұсынымдар енгізілді.
Орын:Д. Хангишиева