"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

выездное заседание комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав

25.01.2024
2024 жылы 24 қаңтарда Заречное ауылында білім бөлімінің басшысы Н.Р. Полюхтың басшылығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті. Осы отырыста ата-аналармен жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру мәселесі қаралды. Баяндамашы Зареченый мектебінің әкімі Юлия Николаевна Корн болды. Өз баяндамасында Юлия Николаевна ауыл тұрғындарымен жүйелі жұмыс, «Әйелдер кеңесі» мен «Ардагерлер кеңесі» ұйымдастыру туралы әңгімеледі. 
Осы мәселе бойынша мектеп директоры Сапарова Екатерина Салаватовна сөз сөйлеп, комиссияны мектептің жүргізіліп жатқан жұмысымен таныстырды. «Кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс, қолайсыз отбасылармен және профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандармен жұмыс» атты екінші мәселе бойынша полиция капитаны Төлепбергенов Жасқайрат Колмағамбетұлы сөз сөйлеп, баяндамасында Зареченый ауылдық округі бойынша жағдайды баяндап, атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. 
«Жыныстық қол сұғылмаушылық пен суицидтік мінез – құлықтың алдын алу» атты үшінші мәселе бойынша «Заречный ауылынын ЖББМ» КММ директордын тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Л.В. Адушкина, мектеп медбикесі Н. Я. Шаля мен «Знаменка ауылынын ЖББМ» КММ директордын тәрбие жұмысы бойынша орынбасары А. Сарсекеева сөз сөйледі. Баяндамалар барысында осы мәселе бойынша мектептердің жүйелі профилактикалық жұмысы егжей-тегжейлі көрсетілді.
Отырыс қорытындысы:
1. Тәжірибе алмасу
2. Ата-аналар мен мектептің өзара іс-қимылын нығайту, профилактикалық жұмысты арттыру бойынша ұсыныстар.
Просмотров: 2075


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст