17.07.2020
Инклюзивті білім беруді дамыту бойынша
Үйлестіру кеңесінің отырысы
Білім басқармасының 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Есіл ауданында 2020 жылдың 6 маусымында онлайн режимде Zoom арқылы Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде келесі мәселелер тыңдалды:
- Есіл ауданында инклюзивті білім беру жағдайы туралы, баяндамашы Баягизова Н.Б. Есіл ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің инклюзивті білім беру әдіскері.
- Есіл ауданының тірек ұйымдарында инклюзивті тәжірибені енгізу туралы
- Есіл қаласындағы "Гүлдер" бөбек – балабақшасында инклюзивті тәжірибені енгізу тәжірибесі туралы, баяндамашы Байдильдинова У.Т. б/б меңгерушісі
- Есіл қаласы №2 орта мектебінің оқу-тәрбие үрдісіне инклюзивті тәжірибені енгізу туралы, баяндамашы Челюбеева Е.Б. мектеп директоры
- Есіл қаласының № 3 ППТК Есіл ауданының білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылы туралы, баяндамашы Байгенжинова Б.К. меңгеруші
- Инклюзивті білім беру бойынша облыс педагогтарының біліктілігін арттыруды есепке алу жүйесі туралы, баяндамашы. Ибраев М.У. инклюзивті білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты
Күн тәртібінде қойылған барлық мәселелер тыңдалды.
Кеңес қорытындысы бойынша:
- Жергілікті жерлерде жұмысты жандандыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша семинарларға, ғылыми-практикалық конференцияларға, вебинарларға белсенді қатысу.
- Жалпы білім беретін мектептер мен балабақшалардың педагогтарын инклюзивті білім беру бойынша оқытуды жалғастыру.