Облыстық
«Жарқын болашақ» олимпиадасы
Ақпан айының 21-і және 23-і аралығында Көкшетау қаласында
республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңі болып өтті.
Олимпиадада ауданымыздан 5 оқушы қатысты, Есіл қалалық № 3 орта мектебінің
10-сынып оқушысы Бақыткереева Елдана «Жазушылар» номинациясы бойынша ІІІ орынға
қол жеткізді. Ал «Тілші-әдебиетшілер» номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы
Жанахмет Малика өте жақсы нәтиже көрсетіп, облыстық білім басқармасының
грамотасына ие болды. Сонымен қатар, 9- сынып оқушысы Қонысова Әсем «Жас
ғалымдар» номинациясына қатысты, 8-сынып оқушылары Жанахмет Рахат «Сөз
шеберлері» номинациясы, Еркін Бектөре «Әнші бұлбұлдар» номинациясы бойынша өз
өнерлерін көрсетіп, тәжірибе алып қайтты.
Білім беру бөлімінің
Тіл әдәскері
Мусина А.С.