"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

орта білім беру мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына орналасуға конкурс

20.11.2017

Конкурс

 

 

«Есіл ауданының білім беру

бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Есіл ауданының білім беру бөлімінің С.Серіков

атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен» КММ  директоры;

«Есіл ауданының білім беру бөлімінің Курский орта

мектебі» КММ, 

«Есіл ауданының білім беру бөлімінің Маяковский

орта мектебі» КММ ,

 «Есіл

ауданының білім беру бөлімінің Московский  орта мектебі» КММ,

орта білім беру мемлекеттік мекемесі директорының  бос  лауазымына орналасуға  конкурс жариялайды.

 

Лауазымға үміткерлерге қойылатын біліктілік

талаптары: жоғары педагогикалық

білімі және бес жылдан кем емес педагогикалық өтілі, оның ішінде бір жылдан кем

емес басшылық лауазымындағы өтілі, жоғары немесе бірінші біліктілік санатының

болуы.

Білуі қажет: Қазақстан

Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін,

Қазақстан Республикасының Салық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек

Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» заңдарын, Қазақстан

Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасын, оқушылардың тәрбиесі мен білім беру сұрақтары

бойынша басқа құқықтық нормативтік актілерді, педагогика және психология

негіздерін, қазіргі заманғы педагогика ғылымы мен іс – тәжірибесіне қол

жеткізуді, басқарудың инновациялық әдіс-тәсілдерін, экономика негіздерін,

қаржылық-шаруашылық қызмет сұрақтарын, құқық негіздерін, еңбекті қорғау,

техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелерін.

            Қызметтік  міндеттері: Білім беру ұйымын оның жарғысына

және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Педагогикалық

және әдістемелік кеңестермен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын

іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, жұмыс жоспарлары мен

бағдарламаларын бекітеді. Жаппай оқумен қамту заңына сәйкес бекітілген учаске

бойынша балаларды жалпыға міндетті оқумен қамтамасыз етеді. Білім беру қызметін

жүргізу құқына арналған лицензияға сәйкес оқушылардың, тәрбиеленушілердің санын

қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік қорғауын қамтамасыз

етеді. Оқу-тәрбие үрдісі уақытында білім беру ұйымының оқушылары мен

қызметкерлерінің денсаулығы мен өмір қауіпсіздігіне қажетті жағдай туғызады.

Оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында олардың тамақтануы мен

медициналық қызмет көрсетілуін бақылау мен жұмысын ұйымдастырады. Заңнамалармен

бекітілген шекте білім беру ұйымының мүлкіне және қаржысына өкімдік етеді,

құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаржысының түсуі мен шығындауы

туралы жыл сайын есеп береді.

            Нормативтік талаптарға

сәйкес оқу-материалдық базаның есебін, сақталуы мен толығуын қамтамасыз етеді,

ішкі еңбек тәртібі ережелерінің, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті

қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуына жауап береді.

            Педагогикалық кадрлар мен

қосалқы қызметкерлерді іріктеуді және қоюды жүзеге асырады, басқару құрылымын,

штаттық кестені және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді,

олардың кәсіби шеберлігінің артуына жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті

басқарады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымы атынан

сөйлейді, қажетті есеп берудің дайындалуын және ұсынылуын қамтамасыз етеді.

Қызметтік жалақы мөлшері: еңбек еткен жылдарына байланысты қалалық

жерде 82468- 99988 теңгеге, ауылдық жерде 78 398-95033 теңгеге (25 %

үстемақы) дейін.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және

ғылымМинистрлігінің 2012  жылғы «21»

ақпандағы № 57 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта білім беру  ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау

қағидасын бекіту туралы » қағидасы   негізінде жүргізіледі.

 

Конкурсқа қатысу үшін

қажетті құжаттар тізімдемесі:

1)      Тіркелген орнын, нақты тұратын жерін,

байланыс телефондарын көрсете отырып конкурстық комиссия төрағасының атына

жазылған өтініш;

2)      Жеке басын куәландыратын құжаттың

көшірмесі;

3)      Білімі туралы құжаттың көшірмесі

(нотариалды куәландырылған);

4)      Еңбек кітапшасының көшірмесі (нотариалды

куәландырылған);

5)      Фотосуретімен қоса кадрлар есеп жүргізу

жөніндегі жеке парақ

6)      Марапаттары мен жазаларын көрсете отырып

алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7)      Біліктілік санаты немесе ғылыми дәрежесі

болуы туралы құжат көшірмесі;

8)      Медициналық тексеруден  өтуі туралы құжат

9)      Сотталмағаны туралы анықтама

 

 

Конкурсқа қатысу үшін

берілген құжаттардың көшірмесі нотариалды немесе жұмыс орнындағы кадр

қызметімен куәландырылады.

Аталған құжаттардың бiрiнiң

болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтарып беру үшін негiз болып

табылады.

Конкурсқа қатысуға кандидат

комиссия қарауына өзiнiң кәсiби жетiстiктерi, бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми

зерттеулер, өзiнiң педагогикалық тәжiрибесiн қорытындылау, наградалары туралы

қандайда болмасын деректi расталған ақпаратты ұсынады.

Конкурсқа қатысуға тілек

білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы бұқаралық ақпарат

құралдарында жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күн аяқталғанға дейін

қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

төмендегі мекен-жайға жіберілуі тиіс: Есіл  қ. Дружба  көшесі 

1  (пошта индексі 020900) ұсынылуы

қажет.

 Анықтама  телефондары: 8 (716 47) 21-4-86 факс,  8 (71647) 21-1-46.   

 

 

«Есіл ауданының білім беру

бөлімі» ММ басшысы                                         Н.Саматов

Просмотров: 595


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст