2017 жылдың 10 наурыз күні Есіл қалалық №3 ОМ-де 5-11
сынып оқушылары арасында «Махамбет оқулары», «Мағжан оқулары», «Мақатаев
оқулары» 1 аудандық байқауы өткізілді.
Үш байқауға аудан
мектептерінен 29 оқушы қатысты. Байқау бірінші рет өткізілгеніне қарамастан
оқушылар тиянақты дайыналып келді және жатқа мәнерлеп айтуға, ән шырқау мен өз
шығармашылықтарын оқуға үлкен байсалдылықпен қарады.
«Махамбет оқулары» үш бөлім бойынша өткізілді:
1. І бөлім «Ел
құтқарар ер едім»- Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы,
Шернияз Жарылғасұлы, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқу байқауы (ақындардың шығармаларын көбірек жатқа білетін
оқушыға жоғары баға қойылады)
2.ІІ
бөлім «Ұлы арман»- Махамбеттің
күйлерін, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерді орындаушылардың байқауы
3.
ІІІ бөлім «Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас дарындар байқауы (өз шығармаларын орындау)
«Ел құтқарар ер едім» бөлімі бойынша
жүлдегерлер атанған:
1орын – №3 ОМ-тің 7 сынып оқушысы – Еркін Бектөре
2 орын – Красивое ОМ-нің 9 сынып оқушысы – Сейітханым
Аружан
3 орын – №3 ОМ-тің 7 сынып оқушысы – Жанахмет Рахат
«Ұлы арман» бөлімі бойынша жүлдегерлер:
1 орын – №3 ОМ-тің 9 сынып оқушысы – Орынбасар Диас
2 орын – Свободное ОМ-нің 8 сынып оқушысы - Бақыт
Қайырбек
3 орын – 9 сынып оқушысы – Серік Ақбота
Мұқағали оқулары үш
бөлім бойынша өткізіледі.
1. «...Қасиетіңнен қара өлең, айналайын». Мұқағали Мақатаев
өлеңдерін жатқа оқу конкурсы (ақынның шығармаларын көбірек жатқа білетін
оқушыға жоғары баға қойылады)
2. «Жақсы сөзім – жаны игі халқым үшін» - М. Мақатаевтың сөзіне
жазылған әндерді орындаушылардың конкурсы.
3.«Болашағым, сен тұрсаң, мен өлмеспін!» - (жас дарындар конкурсы өз
шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, күйлер)
«...Қасиетіңнен
қара өлең, айналайын» бөлімінде жүлдегерлер
атанған:
1 орын – ученик 9 класса
Московской СШ – Бекболат Худайберген
«Жақсы сөзім –
жаны игі халқым үшін» бөлімінде жүлдегерлер
атанған:
1 орын – Құмай ОМ-нің 9 сынып
оқушысы – Сарсенғалиева Жазира
2 орын – №3 ОМ-тің 7 сынып оқушысы
– Жанайдар Ақжан
3 орын – Қаракөл ОМ-нің 10
сынып оқушысы – Әсембек Жұлдыз
«Болашағым, сен тұрсаң, мен өлмеспін!» бөлімінде жүлдегер атанған:
1 орын – Қаракөл
ОМ-нің 9 сынып оқушысы – Төйкен Авдуррахим
«Мағжан оқулары» үш бөлім бойынша өткізіледі
Байқау үш номинация
бойынша өтеді:
Бағыт, «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім»-
Мағжан шығармаларын (поэзия,проза) жатқа оқу конкурсы.
2- Бағыт, «Толқын
мен толқын сырласып...»- шығармашылық жұмыс. (Мағжан Жұмабаевтың
шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары)
3- Бағыт, «Ақын да бір бала ғой
айға ұмтылған»- жас дарындар конкурсы. (өз шығармаларын орындау).
«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы
бойынша жүлдегер атанғандар:
1 орын – Красивое
ОМ-нің 9 сынып оқушысы – Қоныс Азиза
2 орын – Сурган
ОМ-нің 6 сынып оқушысы – Калахова Карина
3 орын – Свободное
ОМ-нің 8 сынып оқушысы -Танат Кұралай
Басқа
номинациялар бойынша қатысушылар болған жоқ.
Байқаудың барлық қатысушыларына мадақтама
қағаздары табысталды.
Қатысушылардың жетекшілеріне үлкен алғыс
білдіремін. Сіздер үлкен жұмыс атқардыңыздар. Сіздерге зор денсаулық, барлық
бастауларыңызға сәттілік тілеймін !
Білім
беру бөлімінің тіл әдіскері
Мусина
Алмагуль Султановна