«Адам ұрпағымен мың жасайды»
Балабақшадағы жеке
жұмыс түрлері балалармен қатар ата- анамен де жүргізілуін талап етеді.
Әлеуметтік тәрбие мен отбасылық тәрбие тығыз қарым- қатынаста жүрсе нәтижелі
болады. Ата- аналардың педагогикалық
мәдениетін көтеру педагогикалық ағарту жұмысы арқылы жүзеге асады.
Ата- аналармен
дәстүрлі жұмыс түрлерінің бірі: дөңгелек үстел. Елбасы жариялаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын
насихаттау мақсатында және бүлдіршіндерді адамгершілікке тәрбиелеуде №3
«Балбөбек» бақшамызда ақпанның 22- де «Адам ұрпағымен мың жасайды» атты
тренинг- кеңес өтті. Белсене қатысып, өз пікір- көзқарасымен бөлісіп,
ұстаздарға төзімділік тілеп отырған ата- аналарды атап өтсек, олар: Күнсұлұ-
апай, Аманжолова Г., Жумабекова А.Ш., Сатпаева А., Исмагулов т.б. Кеңесіміз
дәстүр бойынша тәтті шаймен аяқталып, ата- аналарға қанатты сөздер, мақал-
мәтел жазылған жаднама, буклет таратылды.
Әдіскер А.Қ Ашенова