"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас ұстаз-ел болашағы»

22.01.2025

"Жас ұстаз-ел болашағы"

2025 жылдың 21 қаңтарда сырттай форматта "Жас ұстаз-ел болашағы"аудандық байқауы өтті

Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері – педагог мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарды ынталандыру, балаларды тәрбиелеу мен оқытуда мүмкіндіктерді кеңейтетін стандартты емес педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды іздеу. Олардың кәсіби шеберлігінің өсуі, қоғамдағы білім беру басымдықтарын бекіту және өскелең ұрпақ арасында педагог мамандығын дәріптеу.

Байқауға 29 жасқа дейінгі педагогтар қатысты.

Ұсынылған презентацияларда қатысушылар:

- педагог қызметінің негізгі аспектілері;

- нақты мысалда өз жұмысының негізгі идеясы;

- білім алушылардың оң әлеуметтік тәжірибе алуына жағдай жасау;

- жас педагогтың өзіндік әдістемелік жүйесін көрсетті;

- өзінің кәсіби дамуын қамтамасыз ету.

Байқауға 15 жас педагог қатысты.

1) Оспан Гүлнұр Есілбайқызы – Ақсай ауылының ЖББМ.

2) Давиденко Наталья Андреевна- Двуречный ауылының ЖББМ;

3) Еркенова Ажар Сайранқызы – Курское ауылының ЖББМ;

4) Дорохов Владислав Владимирович –Интернациональное ауылының ЖББМ;

5) Сыздыгалин Ерден Нұрғалиұлы- Есіл қаласының № 2 ЖББМ,

6) Турсынов Арман Муратбекович – Интернациональное ауылының ЖББМ;

7) Хиса Айнұр Болатханқызы- Иглик ауылының Ы.Алтынсарин атындағы НМ;

8) Марат Даргерхан – Қаракөл ауылының ЖББМ;

10) Ерболұлы Айбек – Курское ауылының ЖББМ;

11) Турсынов Арыстан Муратбекович-Сурган ауылының НМ

12) Жаңаева Сандуғаш Сағындыққызы- Свободное ауылының ЖББМ.

13) Жетпісбай Айжан Қайратқызы-Құмай ауылы НМ

14) Евжанова Мадина Абаевна- Есіл қаласының № 1 ЖББМ.

15) Қарғабанева Юлия Витальевна- № 1 ЖББМ.

Байқау нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 орын Сыздыгалин Еркен Нургалиевич -Есіл қ. №2 ЖББМ дене шынықтыру мұғалімі

2 орын Марат Даргерхан – Қаракөл ауылының ЖББМ математика пәнінің мұғалімі

3 орын Оспан Гүлнұр-Ақсай ауылының ЖББМ ағылшын тілі мұғалімі

3 орын Каргабаева Юлия Витальевна-Есіл қ. №1 ЖББМ орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

"Мен-Педагог" номинациясында Арыстан Турсынов - Сурган ауылының НМ дене шынықтыру мұғалімі және Арман Турсынов - Интернациональное ауылының ЖББМ дене шынықтыру мұғалімдері иеленді.

Барлық қатысушыларды байқаудың сәтті аяқталуымен құттықтаймыз және көрсеткен белсенділігі мен кәсібилігі үшін алғыс айтамыз! Болашақ ұрпақтың игілігі үшін педагогикалық қызметте және жаңа идеяларды іске асыруда одан әрі табыс тілейміз!

Просмотров: 5607


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст