Текст
21.10.2025
10 қазан күні ағымдағы жылы Есіл ауданының білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларымен (онлайн форматта) 2026 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған шараға ауданның 15 мектебінен 160 оқушы қамтылды.
Оқушыларға 2026 жылы ҰБТ өткізу ережелері, тапсыратын пәндер, Ұлттық тестілеу орталығының порталында тіркелу, тестілеу уақыты және басқа да маңызды ақпараттар түсіндірілді. Оқушылардың барлық сұрақтарына толық әрі нақты жауаптар берілді.
